«Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ветеринариялық пункттері бар Балқаш ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры лауазымына конкурс жариялайды. Конкурс 2022 жылдың 19 қазанында Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, 13, 2 қабат, 210 кабинетте өтеді. Негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: ауданда ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау орны: Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, 13, 2 қабат, 210 кабинет, тел: 22-23-51, е-mail: oblveterinar@mail.ru., 2022 жылдың 29 қыркүйегінен 13 қазанын қоса алғанда, жұмыс күндері сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары ветеринариялық білімінің болуы;
2) мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес
басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Конкурсқа қатысуға үміткерлер төмендегі құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме (резюме);
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі
Не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының
тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша Жаңартылған денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушылар өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық
деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.