Алматы облысының 2022 жылдың І тоқсанындағы эпизоотиялық жағдайы

2022 жылы ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың аса қауіпті ауруларының 19 түрі бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша облыс аумағында жүргізілетін ветеринариялық – профилактикалық іс-шаралардың жылдық жоспарының орындалуына қажетті ветеринариялық препараттармен 31,1 пайызға қамтамасыз етілді. 

Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарын орындауға 4 020,0 млн. теңге бөлініп, 17,0 пайызы игерілді.  

Облыс аумағында жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларынан қолайсыз 4 ошақ тіркелді (Кеген ауданында 1 ошақ пастереллез, Ескелді ауданында 1 ошақ мүйізді ірі қара малының құтыруы, Ұйғыр ауданында 1 ошақ мүйізді ірі қара малының бруцеллезі, Көксу ауданында 1 ошақ ұсақ мүйізді малдың бруцеллезі).

Аса қауіпті аурулардың алдын алу бойынша вакцинациялау жұмыстарының 3 айлық жоспары 100 пайызға орындалды.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 195 617 бас мүйізді ірі қара малын бруцеллез ауруына зерттеу нәтижесінде 169–ы ауруға оң нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, зерттелген 157 545 бас ұсақ мүйізді малдың 6 басы бруцеллез ауруына оң нәтиже көрсетті.

Бруцеллез ауруына оң нәтиже көрсеткен ауыл шаруашылығы жануарлары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 29.06.2015 жылғы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың» бруцеллез бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібінің талаптарына сай санитариялық союға өткізілді.

Бруцеллез ауруымен ауырған ауыл шаруашылығы жануарларынының иелеріне, нарықтық құнының 30 пайызы көлеміндегі өтем ақысын төлеуге республикалық бюджеттен 91 045,0 мың теңге бөлініп, 5,4 пайызы игерілді.  

Бүгінгі күні облыс аумағында эпизоотиялық жағдай тұрақты.

Дата публикации
07 июня 2022