2022 жылдың 1 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат

Алматы облысының ветеринария басқармасы және оған бағынысты ветеринариялық пункттері бар аудандық, қалалық ветеринариялық станциялар тарапынан 3 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі, атап айтқанда:

  1. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру;
  2. Ветеринариялық анықтама беру;
  3. Ветеринариялық паспорт беру.

2022 жылдың 1 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – барлығы: 127 400

оның ішінде:

  • Алматы облысының ветеринария басқармасы тарапынан ҚР электрондық лицензиялау (http://elicense.kz) арқылы жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия берілмеді.
  • Алматы облысы ветеринария басқармасының «Ветеринариялық пункттері бар аудандық, қалалық ветеринариялық станциялар» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар тарапынан 19 856 ветеринариялық анықтамалар берілді.
  • Алматы облысы ветеринария басқармасының «Ветеринариялық пункттері бар аудандық, қалалық ветеринариялық станциялар» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар тарапынан 107 544 ветеринариялық паспорттар берілді.
Дата публикации
15 апреля 2022