Алматы облысының ветеринария басқармасы басшысының 2020 жылдың 20 желтоқсанындағы №195 н/қ бұйрығымен 2021 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жоспарына сәйкес, басқармаға бағынысты Ақсу, Еңбекшіқазақ, Алакөл, Панфилов, Кеген, Қарсай аудандық және Талдықорған, Қапшағай қалалық ветеринариялық пункттері бар ветеринариялық станциясы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіорындарында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі мемлекеттік бақылау бойынша іс-шаралар жүргізілді.
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы бойынша фактілері анықталмады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында ішкі ресімдерді жақсарту бойынша ұсынымдар болды.