2021 жылы ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың аса қауіпті ауруларының 19 түрі бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.
Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша облыс аумағында жүргізілетін ветеринариялық – профилактикалық іс-шаралардың жылдық жоспарының орындалуына қажетті ветеринариялық препараттармен 100 пайызға қамтамасыз етілді.
Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарын орындауға 3 513,8 млн. теңге бөлініп, 71,0 пайызы игерілді.
Облыс аумағында жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларынан қолайсыз 13 ошақ тіркелді (Кеген ауданында 2 ошақ қарасан (бір ошақта қарасан және пастереллез), Көксу ауданындa 2 ошақ пастереллез және брадзот, Ескелді ауданында 1 ошақ қой мен ешкінің анаэробты энтеротоксемиясы және МІҚ малының қатерлі ісігінен 4 ошақ, Енбекшіқазақ ауданында мүйізді ірі қара малының бруцеллезінен бір ошақ, Райымбек ауданында мүйізді ірі қара малының бруцеллезінен және ірі қара малының қарасан ауруынан бір ошақтан тіркелді, Кербұлақ ауданында ұсақ мүйізді малының бруцеллезінен бір ошақ).
«Жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар» жоспарына сәйкес, 1 099 822 бас мүйізді ірі қара малынан алынған қан сынамаларын диагностикалық зерттеу нәтижесінде 935–і бруцеллез ауруына оң нәтиже көрсеткен.
3 453 324 бас ұсақ мүйізді малдардан алынған қан сынамаларының 900-ы бруцеллез ауруына оң нәтиже көрсеткен. 9 айлық жоспардың орындалуы 104,2 пайызды құрады.
Бруцеллез ауруына оң нәтиже көрсеткен ауыл шаруашылығы жануарлары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 29.06.2015 жылғы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың» Бруцеллез бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібінің талаптарына сай санитариялық союға өткізілді.
Бруцеллез ауруымен ауырған ауыл шаруашылығы жануарларынының иелеріне, нарықтық құнының 30 пайызы көлеміндегі өтем ақысын төлеуге республикалық бюджеттен арнайы бағдарлама шеңберінде 91 045,0 мың теңге бөлініп, 87 пайызы игерілді.
Бүгінгі күні облыс аумағында эпизоотиялық жағдай тұрақты.