Алматы облысы ветеринария басқармасының 2021 жылдың Ӏ тоқсаныңда атқарған жұмыстары туралы ақпарат

 

 

2021 жылы эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарын орындауға 3 513,8 млн. теңге бөлінді. Ауылшаруашылық жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларының 19 түрі бойынша ветеринариялық-профилактикалық шаралар жүргізілді.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы, профилактикасы бойынша 2021 жылдың I тоқсанында жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың жоспары 100 % орындалды.

Жоспарлы диагностикалық зерттеулер  нәтижесінде 201 бас мүйізді ірі қара мен 12 бас ұсақ мүйізді малдар бруцеллез ауруына оң белгі көрсетті. Бруцеллез ауруына оң белгі көрсеткен малдар қайта өңдеу кәсіпорындарына санитариялық союға жіберілді.

Ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіріліп, компьютерлік дерек қорға енгізілгені: 1 214 706 бас мүйізді ірі қара, 4 223 390 бас ұсақ мүйізді мал,  54 721 бас шошқа, 369 019  бас жылқы, 7 931  бас түйе.

Облыс бойынша «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» бағдарламасы қондырылған 251 компьютердің интернет желісімен қосылуы толық қамтамасыз етілген.

Облыс аумағында мал сою нысаның нақты 85-і жұмыс атқаруда.                 (40 мал сою пункті мен 45 мал сою алаңдары) онда 2 485 бас мүйізді ірі  қара, 864 бас ұсақ мүйізді мал, 478 бас  жылқы, 4 699 бас шошқа сойыстан  өткізілді.

Облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 170 типтік мал қорымы бар. Оның ішінде                   82 нысан  ветеринариялық станция теңгерімінде, 88 аудан, қала әкімдігінің теңгерімінде. Сонымен қатар, биологиялық қалдықтар мен мал өлекселерін өртеп жоюға арналған 20 жылжымалы, 6 стационарлық инсинераторлар қолданылады.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жұмыстарына облыстық бюджеттен 104 449,0 млн. теңге бөлінді.

 2021 жылдың I тоқсанында 9 873 қаңғыбас ит пен 354 мысық ауланып, олардың 663 ит және 58 мысық иелеріне қайтарылды.

Бүгінгі күні облыс аумағында эпизоотиялық жағдай тұрақты.

 

 

 

Алматы облысы ветеринария басқармасының 2021 жылдың Ӏ тоқсаныңда атқарған жұмыстары туралы ақпарат
Дата публикации
24 декабря 2021