2021 жылдың 3 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат

Алматы облысының ветеринария басқармасы және оған бағынысты ветеринариялық пункттері бар аудандық, қалалық ветеринариялық станциялар тарапынан 3 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі, атап айтқанда:

  1. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру;
  2. Ветеринариялық анықтама беру;
  3. Ветеринариялық паспорт беру.

2021 жылдың 3 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – барлығы: 162 357

оның ішінде:

  • Алматы облысының ветеринария басқармасы тарапынан ҚР электрондық лицензиялау (http://elicense.kz) арқылы жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға 0 лицензия берілді.
  • Алматы облысы ветеринария басқармасының «Ветеринариялық пункттері бар аудандық, қалалық ветеринариялық станциялар» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар тарапынан 28 314 ветеринариялық анықтамалар берілді.
  • Алматы облысы ветеринария басқармасының «Ветеринариялық пункттері бар аудандық, қалалық ветеринариялық станциялар» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар тарапынан 134 043 ветеринариялық паспорттар берілді.
2021 жылдың 3 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат
Дата публикации
19 октября 2021