2021 жылдың 2 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат
Алматы облысының ветеринария басқармасы және оған бағынысты ветеринариялық пункттері бар аудандық, қалалық ветеринариялық станциялар тарапынан 3 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі, атап айтқанда:
- Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру;
- Ветеринариялық анықтама беру;
- Ветеринариялық паспорт беру.
2021 жылдың 2 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – барлығы: 286 530
оның ішінде:
- Алматы облысының ветеринария басқармасы тарапынан ҚР электрондық лицензиялау (http://elicense.kz) арқылы жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға 1 лицензия берілді.
- Алматы облысы ветеринария басқармасының «Ветеринариялық пункттері бар аудандық, қалалық ветеринариялық станциялар» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар тарапынан 28 533 ветеринариялық анықтамалар берілді.
- Алматы облысы ветеринария басқармасының «Ветеринариялық пункттері бар аудандық, қалалық ветеринариялық станциялар» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар тарапынан 257 996 ветеринариялық паспорттар берілді.