Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы

Алматы облысының ветеринария басқармасында қызмет алушыларға ыңғайлы болу және халық тарапынан шағымдарға жол бермеу үшін   «egov.kz» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған. Аталған бұрышты техникалық жабдықтау мақсатында компьютер, веб-камера, картридер, сканер және принтермен қамтамасыз етілген.

Бұл дегеніміз, электрондық веб – портал арқылы алынатын қызметтерді алуды қамтамасыз ету. Бар болғаны, электронды-сандық қолтаңба мен ғаламтор желісімен жұмыс істей білу қажет.

Қарапайым халыққа да қажетті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді санаулы минуттарда сапалы алуға қол жеткізуге үйрету де мұнда басты назарда.

Еліміздегі коронавирус пандемиясына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында барлық санитарлық нормалардың сақталуы қамтамасыз етілген. Сондай-ақ өздігінен қызмет алушыларға бетперде тағып, арақашықтықты сақтау қажеттігін еске салады.

Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышының мекен — жайы төмендегі кестеде көрсетілген.

 

Мекеменің атауы

Мекен жайы

Жұмыс кестесі

Ветеринария басқармасы

Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 26, 2 қабат, 206 кабинет

Дүйсенбі-жұма

9-00-дан 18-30-ға дейін (үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін)



Дата публикации
08 апреля 2021