2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат

2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат

 

Алматы облысының ветеринария басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) және оған бағынысты ветеринариялық пункттері бар аудандық, қалалық ветеринариялық станциялар (бұдан әрі - Бағыныстағы ұйым) тарапынан 3 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі, атап айтқанда:

  1. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру;
  2. Ветеринариялық анықтама беру;
  3. Ветеринариялық паспорт беру.

2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – барлығы: 666 499

оның ішінде:

  • 2020 жылдың 19 ақпанына дейін «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем мен жемазық  қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» бойынша  39  мемлекеттік қызмет көрсетілді. Ескертпе: 2020 жылғы 19 ақпаннан бастап аталған мемлекеттік қызмет ветеринария саласындағы уәкілетті органға (ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциялары) берілді.
  • Басқарма тарапынан ҚР электрондық лицензиялау (http://elicense.kz) арқылы жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға 2 лицензия берілді.
  • Басқарманың бағыныстағы ұйымдары тарапынан 93 149 ветеринариялық анықтамалар және 573 309 ветеринариялық паспорттар беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат
Дата публикации
16 марта 2021