«Алматы облысы аумағында жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 26-130 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жоба

 

 

«Алматы облысы аумағында жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 26-130 шешіміне өзгеріс енгізу туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және    өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Алматы облыстық мәслихатының «Алматы облысы аумағында жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 26-130 (Нормативтік құқытық актілерді тіркеу тізілімінде № 4502 тіркелген, 2017 жылдың 30 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Алматы облысы аумағында жануарларды асырау қағидаларында:

4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық  іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқытық актілерді тіркеу тізілімінде                   № 4502 тіркелген) сәйкес ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жануарларды уақытылы вакцинациялаудан және диагностикалаудан өткізу;».

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облыстық мәслихатының «Ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

  2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Алматы облыстық мәслихаты

сессиясының төрағасы

 _____________Ә. Қыдырманов

Алматы облыстық мәслихатының хатшысы

 __________Ж. Жөргенбаев

 

  «Алматы облысы аумағында жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 26-130 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
02 марта 2021