Бос орынға конкурс жариялау туралы хабарлама

«Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ветеринариялық пункттері бар Кербұлақ ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының    директоры   лауазымына   конкурс жариялайды.     Конкурс

2021 жылдың   17    ақпанында    Талдықорған  қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 2 қабат, 209 кабинетте өтеді.

Негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: ауданда ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау орны: Талдықорған   қаласы,    Қабанбай  батыр  көшесі,  26,  2  қабат,   207 кабинет,  

тел: 32-94-60, е-mail:  oblveterinar@mail.ru., 2021   жылдың 19 қаңтарынан

03 ақпанын қоса алғанда, жұмыс күндері сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін.

           Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары ветеринариялық білімінің болуы;

2) мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес

басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа қатысуға үміткерлер төмендегі құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме (резюме);

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек  кітапшасының  (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі

Не   соңғы   жұмыс  орнынан  жұмысқа  қабылданғаны және еңбек шартының

тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық  сақтау   ұйымдарының  бастапқы   медициналық     құжаттама

нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша Жаңартылған денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушылар өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық

деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Дата публикации
19 января 2021