2026 жылдың 3 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат

Алматы облысының ветеринария басқармасы және оған бағынысты мекемелер тарапынан 4 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі, атап айтқанда:

  1. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру;
  2. Ветеринариялық анықтама беру;
  3. Ветеринариялық паспорт беру;
  4. Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету).

2026 жылдың 3 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – барлығы: 25 805

оның ішінде:

  • Алматы облысының ветеринария басқармасы тарапынан ҚР электрондық лицензиялау (http://elicense.kz) арқылы жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға 5 лицензия берілді.
  • Алматы облысы ветеринария басқармасына бағынысты мекемелер тарапынан 12 818 ветеринариялық анықтама, 12 964 ветеринариялық паспорт беріліп, ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) бойынша 18 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Дата публикации
07 октября 2026