«Ашық НҚА» интернет-порталында шешім жобаларының қоғамдық талқылауға шығарылғаны туралы

Алматы облысының ветеринария басқармасы Алматы облыстық мәслихатының 2022 жылғы 29 қарашадағы №30-141 және №30-142 шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдерінің жобалары «Ашық НҚА» интернет-порталында қоғамдық талқылауға орналастырылғанын хабарлайды.

Атап айтқанда:

  1. «Алматы облыстық мәслихатының 2022 жылғы 29 қарашадағы №30-141 «Алматы облысы бойынша жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің жобасы.
  2. «Алматы облыстық мәслихатының 2022 жылғы 29 қарашадағы №30-142 «Алматы облысының елді мекендерінде үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің жобасы.

Осыған байланысты, аталған шешім жобаларын талқылауға қатысуға шақырамыз.

№30-141 жобасы бойынша:

Мәртебесі: Қоғамдық талқылауда

Жоба нұсқасы: 1-нұсқа

НҚА түрі: Шешім

Құрылу күні: 06.08.2026

Қоғамдық талқылау мерзімі: 21.08.2026 дейін

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15892043

 

№30-142 жобасы бойынша:

Мәртебесі: Қоғамдық талқылауда

Жоба нұсқасы: 1-нұсқа

НҚА түрі: Шешім

Құрылу күні: 06.08.2026

Қоғамдық талқылау мерзімі: 21.08.2026 дейін

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15892075

Дата публикации
17 августа 2026