Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу қызметімен айналысуға лицензия беру

 

Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру жөніндегі мемлекеттік қызметті Алматы облысының Ветеринария басқармасы көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптардың тізбесі «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында айқындалған.

Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді тіркеу не жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді, ветеринариялық-санитариялық қорытындыны, лицензияны, сондай-ақ лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәліметтерді (төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүргізілген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды тіркеп, жауапты қызметкерді тағайындайтын басшыға жолдайды.

Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Қағаз жеткізгіште ұсынылған құжаттардың қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтініш көшірмесіне тіркелген күні мен уақыты көрсетілген тіркеу белгісін қою арқылы жүзеге асырылады.

Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

Құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттар тапсырылған жағдайда жауапты қызметкер өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындап, өтініш берушіге жолдайды.

Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда жауапты қызметкер құжаттар тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды алу үшін ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесіне портал арқылы сұрау жібереді.

Ведомствоның аумақтық бөлімшесінің қызметкері не көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері сұрау келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау жүргізу арқылы көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді және оның нәтижелері бойынша еркін нысанда сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды жасайды.

Біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыға ведомствоның аумақтық бөлімшесінің қызметкері не көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері және көрсетілетін қызметті алушы қол қояды және ол ведомствоның аумақтық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы ұсынылады.

Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды алынған сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік лицензияны, мемлекеттік лицензияға қосымшаны не дәлелді бас тартуды рәсімдейді.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде жіберіледі.

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін мынадай негіздер болып табылады:

  • қызметтің осы түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке немесе заңды тұлғалардың осы санатына тыйым салынған болса;
  • лицензиялық алым төленбесе;
  • көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
  • көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензияланатын қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе жүзеге асыруға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
  • сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған болса;
  • мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылған құжаттардың немесе олардағы мәліметтердің анық емес екендігі анықталса.
Дата публикации
22 июня 2026