GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Қызметі
Байланыс ақпарат
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
МАСЛИХАТ-2026
14 октября 2026
Маслихат-2026
САЙЛАУ
14 октября 2026
Мәслихат-2026

МӘСЛИХАТ - 2026

Ауыл шаруашылығы
30 сентября 2026
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша Ашық есік күні өткізілді.
Ауыл шаруашылығы
23 сентября 2026
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша қызмет алушылар күні өткізіледі
22 сентября 2026
Ұйғыр ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, электрондық форматқа көшіру және мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі жөнінде жиналыс өткізілді. Жиын барысында өзекті мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
Пресс релиз
04 августа 2026
2026 жылғы 11-25 тамыз аралығында «Ұйғыр ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі 2025 жылдың 12 ай кезеңіне ішкі талдау жүргізеді

2026 жылғы 11-25 тамыз аралығында «Ұйғыр ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі 2025 жылдың 12 ай кезеңіне ішкі талдау жүргізеді

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2,4-тармақтарына сәйкес, 2026 жылғы 11-25 тамыз аралығында «Ұйғыр ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі 2025 жылдың 12 ай кезеңіне ішкі талдау жүргізеді

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда мына телефон бойынша хабарласа аласыз: 8 (72778) 2-42-38. Рамазанова Д.М.

24 июля 2026
Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды

Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды

Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына келді.

Кездесу тәжірибе алмасу форматында өтті. Тараптар көші-қон қызметтерін цифрландырудың заманауи тәсілдерін, жеке тұлғаны сәйкестендіру мәселелерін және мемлекеттік сервистерді дамыту бағыттарын талқылады. Сондай-ақ қонақтарға бүгінде Қазақстанда қолданылып жүрген цифрлық шешімдер таныстырылды.

Сапар барысында делегация мүшелеріне паспорттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу үдерісі – өтініш беруден және деректерді тексеруден бастап дайын құжатты алғанға дейінгі барлық кезеңдер көрсетілді.

Сонымен қатар делегация мүшелері жеке куәлік немесе паспорт алуға өтінімді өз бетінше беруге мүмкіндік беретін құжаттандыру терминалының жұмысымен танысты. Қатысушыларға оның жұмыс істеу тәртібі мен дербес деректерді тексеруде қолданылатын технологиялар туралы ақпарат берілді.

«Мемлекеттік қызметтерді жетілдірудегі маңызды бағыттардың бірі – халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, кәсіби әріптестікті нығайтуға және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған тиімді шешімдерді енгізуге ықпал етеді. Бұған дейін Корея Республикасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Бұл құжат бірлескен жобаларды іске асыруға және өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бүгінгі кездесу халықаралық серіктестікті нығайтуға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіруге тағы бір маңызды қадам болады деп сенемін», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасы Арман Кенжегалиев.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар халықаралық тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Жер қатынастары
23 июля 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1-бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығына сәйкес, Алматы облысы Ұйғыр ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс жариялайды.

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1-бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығына сәйкес, Алматы облысы Ұйғыр ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс жариялайды.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау 2026 жылдың 17 тамыз сағат 09.00-ден бастап 28 тамыз сағат 17.00-ге дейін жүргізіледі. Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұлғалар конкурсқа қатысуға өтінімдерді Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Әл-Фараби көшесі, 100 құрылыс Шонжы ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратының 2 қабаты Ұйғыр ауданының «Жер қатынасары бөлімі» ММ-і 15 кабинеті мекен жайынан алуға болады.

Конкурс 2026 жылдың 31 тамыз сағ 10:00, Ұйғыр ауданы әкімі аппаратының ғимаратында өтеді, Мекен-жайы: Шонжы а/о, Раджибаев көшесі №73

 

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі

 

Лоттың нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округ)

Жер учаскесінің алқап түрі

Көлемі, га

бонитет

балы

Сумен қамтамасыз етілуі

Топырақтың сапалық сипаттамасы

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы және қалай пайдалануы бойынша

3

Кетпен а/о, Жіңішке  учаскесі   МБЖ

Жайылымдық

25

20

Қамтылған

Сұр топырақты ашық және қарапайым

Мал шаруашылығын дамыту

14

Ақтам а/о,  Құдық учаскесі  МБЖ

Жайылымдық

10

12

Қамтылған

Сұр топырақты ашық және қарапайым

Мал шаруашылығын дамыту

22

Тиірмен а/о, Ұзынтам учаскесі МБЖ

Суармалы егістік

3,8

28

Қамтылған

Сұр топырақты ашық және қарапайым

Дәнді дақыл

26

Сүмбе а/о, Қарадала учаскесі  МБЖ

Жайылымдық

10

10

Қамтылған

Сұр топырақты ашық және қарапайым

Мал шаруашылығын дамыту

27

Сүмбе а/о, Қарадала учаскесі  МБЖ

Жайылымдық

20

10

Қамтылған

Сұр топырақты ашық және қарапайым

Мал шаруашылығын дамыту

29

Сүмбе а/о, Шошанай учаскесі  МБЖ

Суармалы егістік

2,1

25

Қамтылған

Сұр топырақты ашық және қарапайым

Дәнді дақыл

34

Үлкен Ақсу а/о, Үлкен Ақсу учаскесі  МБЖ

Жайылымдық

7

10

Қамтылған

Сұр топырақты ашық және қарапайым

Мал шаруашылығын дамыту

35

Үлкен Ақсу а/о, Тоғызбұлақ учаскесі  МБЖ

Жайылымдық

20

10

Қамтылған

Сұр топырақты ашық және қарапайым

Мал шаруашылығын дамыту

36

Үлкен Ақсу а/о, Қарадала учаскесі  МБЖ

Жайылымдық

10

6

Қамтылған

Сұр топырақты ашық және қарапайым

Мал шаруашылығын дамыту

37

Үлкен Ақсу а/о, Кіші Ақсу учаскесі  МБЖ

Жайылымдық

20

10

Қамтылған

Сұр топырақты ашық және қарапайым

Мал шаруашылығын дамыту

41

Қырғызсай а/о, Рахат учаскесі МБЖ

Жайылымдық

12

10

Қамтылған

Сұр топырақты ашық және қарапайым

Мал шаруашылығын дамыту

44

Ават а/о, Канал учаскесі МБЖ

Жайылымдық

30

5

Қамтылған

Сұр топырақты ашық және қарапайым

Мал шаруашылығын дамыту

46

Шонжы а/о, Жалғыз ағаш учаскесі

Шабындық

7

10

Қамтылған

Сұр топырақты ашық және қарапайым

Мал шаруашылығын дамыту

49

Кіші Дихан а/о, Құдық учаскесі МБЖ

Жайылымдық

20

8

Қамтылған

Сұр топырақты ашық және қарапайым

Мал шаруашылығын дамыту

 

Құжаттар аудандық жер қатынастары бөлімі ММ-не тапсырылады; Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы,  Әл-Фараби көшесі, 100 құрылыс. Қосымша ақпарат алу үшін \872778\21386, 24344 телефондарға қоңырау шалу керек:

 

Сонымен қатар, шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

  1. ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшыларымен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
  2. Жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
  3. Өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
  4. Конкурстық ұсыныс;
  5. Өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын ақ ол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсына қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста мынадай құжаттар болуы қажет:

  1. Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
  2. шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасы – әрбір жер учаскесінің жеке сипаттамаларын (құнарлылығын, технологиялық қасиеттерін, орналасқан жерін, рельефін, клима6тын, табиғи-тарихи, экологиялық және басқа ерекшеліктерін) есепке ала отырып, оның неғұрлым ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін қамтитын, ауыл шаруашылығы жері аумағының жақын перспективада ұйымдастырылуы мен орналастырылуын айқындайтын және негіздейтін құжат;
  3. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
  4. өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны

алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Аквашаруашылықты жүргізу үшін жер учаскесін беруді қоспағанда, конкурстық ұсыныста:

         1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

      2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

       12-1. Аквашаруашылықты жүргізу үшін конкурстық ұсыныста (бұдан әрі – конкурстық ұсыныс):

      1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, аквашаруашылық объектілерін өсіру көлемі, тиісті инфрақұрылымның және аквашаруашылықты жүргізуге арналған жабдықтардың, аквашаруашылық саласындағы білікті мамандардың біліктілігі, ашылатын жұмыс орындарының санының болуы);

     2) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының және Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамысының талаптарын орындау бойынша міндеттемелер қамтылады.

Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

         Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

          Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

         Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.

        Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінім сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

          Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

           Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексереді, конкурстық ұсыныста көсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалайды, салыстырады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні жер комиссиясы түскен жабық конверттерді ашу жолымен (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) конкурстың қорытындысын шығарады.

 

Ұйғыр ауданының «Жер қатынастары бөлімі»

ММ-нің басшысы                                                                                    Ю.Миталипов

 

 

 

 

 

ҚҰРЫЛТАЙ-2026
08 июля 2026
ҚҰРЫЛТАЙ
02 июля 2026
Құрылтай

ҚҰРЫЛТАЙ 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы