
2025 жылғы 15 мамырда аудандық Мәдениет үйінде Алматы облысы әкімінің аппараты бас инспекторы Асанова Айгана Есімжанқызының қатысуымен бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — жазғы каникул қарсаңында су айдындарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, терезеден құлау фактілерінің алдын алу, сондай-ақ ата-аналардың жауапкершілігін арттырып, оларды кең көлемде ақпараттандыру болды.
Жиналысқа төтенше жағдайлар мен полиция департаменттерінің уәкілетті өкілдері тартылып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты нақты мәліметтер мен ұсыныстар берілді.
Шара барысында ата-аналар тарапынан өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, оларға мамандар тарапынан толық әрі нақты жауаптар берілді.