Зейнетақыны алуға уақытылы хабарласыңыз

Зейнетақыны алуға уақытылы хабарласыңыз

 

 
Зейнетақыны алуға уақытылы хабарласыңыз Өткен өміріне сын көзбен қарап, өзіне есеп беретін ең саналы кезең – «алтын күзді» басынан әр адам өткереді. Көпшілігіміз бұл сәтті тағатсыздана күтеміз, бірақ күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп, бұл күн туралы мүлде ұмытып кететіндер немесе зейнетақыны ресімдеуді кейінге қалдыратындар да жоқ емес. Сондықтан зейнетақыны дер кезінде неліктен ресімдеу керектігін біз «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Алматы облыстык филиалының директоры Қанат Исаевтан білген едік. - Канат Нурлыбекұлы, зейнет жасына толған адамға қашан және қайда хабарласу керек? - Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына және еңбек сіңірген демалысқа шығуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін алушыларға тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы ЭЦҚ пайдалана отырып жүгіну қажет. - Бұл тек БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерге қатысты ма әлде м..