|
|
|
2019 жылдың 20 желтоқсанында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің басшылары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше- мемлекеттердің еңбеккерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге қол қойды. Ол ЕАЭО елдерінің еңбеккерлерін және олардың отбасы мүшелерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін реттейді. Келісімге қол қойылды. Бірақ ол ЕАЭО-ның барлық елдерінің парламенттері бекіткеннен кейін ғана өз күшіне енеді. Дегенмен ЕАЭО елдерінің азаматтарына, соның ішінде ЕАЭО елдерінде еңбек ететін Қазақстан Республикасының азаматтарына мыналарды білу қажет: 1) ЕАЭО елдеріне: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей жатады; 2) Келісімде басқа мүше-мемлекеттің аумағында еңбек немесе өзге де қызметін жүзеге асыру арқылы зейнетақы құқықтарын қалыптастырған не қалыптастырып жүрген ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттің азаматы еңбеккер болып есептелетіні айқындалған; 3) Еңбекшілердің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру жұмысқа орналасқан мемлекеттің азаматтарының зейнетақы құқы...
|