«БЖЗҚ» АҚ өзекті сауалдарға жауап береді

«БЖЗҚ» АҚ өзекті сауалдарға жауап береді

1) Қайырлы күн! Мен абайсызда БЖТ-ны басқа айға төлеп жіберіппін, төлемді қалай қайтарып алуға болады? №4 Қағидалардың 12-тармағына сәйкес қате төленген БЖТ-ны қайтарып алу үшін төлем жасаушы, банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Мемлекеттік корпорацияға №4 Қағидаларда белгіленген нысан бойынша қате төленген БЖТ-ны қайтару туралы өтініш беріп, оған төлем құжатының немесе БЖТ төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін қоса тіркейді. Агент өтінішінің негізінде Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-ға қате аударылған БЖТ сомасын аудару туралы электрондық өтінім жолдайды. БЖЗҚ электрондық өтінім алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде БЖТ төлеушілердің аты-жөндері мен телефон нөмірлері, өтінім берген күндері көрсетілген тізімді қоса тіркей отырып, Мемлекеттік корпорацияға қайтарым жасайды. БЖТ-ның толық сомасын алған кезде Мемлекеттік корпорация сомалар түскен күннен бастап үш операциялық күн ішінде оларды БЖТ төлеушінің қате төленген БЖТ сомасын...