БЖЗҚ зейнетақы жинақтары 11,6 триллион теңгені құрады

БЖЗҚ зейнетақы жинақтары 11,6 триллион теңгені құрады

Қазақстандағы маңызды қаржы институттарының бірі «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы жинақтары 01.05.2019 жылдан 01.05.2020 жылға дейін 1,9 триллион теңгеге немесе 19%-ға ұлғайды. Осылайша зейнетақы жинақтары 11,6 триллион теңгеден асты. Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасты және 2020 жылдың 4 айында 8%-ға ұлғайып, 11,4 трлн теңге болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 273 млрд теңге (өсім 11%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2 млрд теңгеден асты (өсім 7%). Салымшылардың шоттарына 2020 жылдың басынан бері жалпы көлемі 347,1 млрд теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл 2019 жылдың алғашқы 5 айындағы көрсеткіштен 15%-ға артық. Төлемдер 52,6 млрд. теңгені құрады, олардың басым бөлігі жасына байланысты (21,4 млрд.теңге), ҚР шегінен тыс ТТЖ кету бойынша (12,6 млрд. теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (9,8 млрд. теңге), мұрагерлерге (7,4 мл..