«БЖЗҚ» АҚ филиалдары қазір қалай жұмыс істеуде?

«БЖЗҚ» АҚ филиалдары қазір қалай жұмыс істеуде?
 
 
Қазақстанда соңғы аптада осыған дейін енгізілген карантиндік шектеулерді кезең-кезеңмен алып тастау басталды. Бұл ретте коронавирустық инфекция (COVID-19) таралуының ағымдағы жағдайын және республикамыздың кейбір қалаларында сақталып отырған карантинді ескерудің маңызы зор. Осыған байланысты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бес өңірлік филиалы (Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары) мен Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалда Қордың салымшылары мен алушыларына күндізгі қызмет көрсету нысанына біртіндеп көшудің басталғанын хабарлайды. БЖЗҚ осы филиалдарда бірқатар шектеу іс-шараларын енгізбек, атап айтсақ, азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады. Жазылуды enpf.kz корпоративтік сайтында екі-үш әрекетпен-ақ оп-оңай іске асыруға болады. «Электрондық сервистер» қосымша бетіне өтіп, «Қызмет алу кезегін брондау» баннерін басып, әрі қарай Сіз біздің филиалымызға келуге болатын ыңғайлы уақытты өз бетіңізше таңдай аласы...