Болашақ зейнетақы мен аннуитет бойынша төлем мөлшерін қалай білуге болады?

Болашақ зейнетақы мен аннуитет бойынша төлем мөлшерін қалай білуге болады?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының әрбір салымшысы Қор сайтындағы ең танымал сервистердің бірі – Болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана отырып, өзінің болашақ зейнетақы төлемдерін дербес есептей алады. Ол Қазақстанның көп деңгейлі зейнетақы жүйесі аясындағы мемлекеттік базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы сияқты барлық құрамдауыштарын қамтиды. Есептеу оңай және өте қарапайым. Ол үшін болжамды калькулятордағы туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақтың сомасы және т. б. сияқты барлық қажетті бағандарды толтыру керек. Егер enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте тіркелген болсаңыз, онда калькулятордағы бағандар автоматты түрде толтырылады және болашақ зейнетақыңыздың есебі екі-үш рет басқанда-ақ жүзеге асырылады. Бұдан әрі Сіз БЖЗҚ-дан берілетін болашақ төлемдеріңізді есептеу нәтижесін көре..