1-маусымнан бастап БЖЗҚ қызметтері Қазпоштаның 304 бөлімшесінде қолжетімді

1-маусымнан бастап БЖЗҚ қызметтері Қазпоштаның 304 бөлімшесінде қолжетімді

 

 
 Еліміздің шалғай елді мекендерін зейнетақы қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында «БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ Қор салымшылары мен алушыларына ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны сәтті атқарып келе жатқандарына да жылдың жүзі болып қалды. Қазпошта операторларын оқыту шарасы өткізілгеннен кейін зейнетақы қызметтері БЖЗҚ-ның қызмет көрсету орталықтары жоқ елді мекендерде енгізілді. Енді салымшылар бұрын таяу жерде орналасқан ірі елді мекендерге бару керек болған қызметтерді еш қиындықсыз ала алады. Тек өткен жылдың өзінде ұлттық пошта желісі операторының шамамен 200 бөлімшесі іске қосылды. Ал 1 маусымнан бастап бұл сан 300 бөлімшеден асып түсті. Әсіресе Қарағанды және Түркістан облыстарында БЖЗҚ қызметтері көрсетілетін Қазпошта бөлімшелерінің саны тиісінше, 44 және 19 бөлімшеге толықтырылады. Естеріңізге сала кетейік, тұрғындар Қазпошта бөлімшелерінде мына қызмет түрлерін ала алады: салымшының (алушының) қосымш...