100 мыңнан астам қазақстандық ХҚО-ның жеңілдік терезесі арқылы мемлекеттік қызмет алды

100 мыңнан астам қазақстандық ХҚО-ның жеңілдік терезесі арқылы мемлекеттік қызмет алды

 

Карантин шектеулері аясында жұмысын қайта бастаған ХҚО-лардағы жеңілдік терезесі арқылы 101,8 мың қазақстандыққа қызмет көрсетілді. Мамыр айының ортасынан бастап вирустың таралу қаупі мен қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығына алаңдаушылыққа байланысты еліміздегі ХҚО-лардың жұмыс тәртібі өзгерген болатын. Енді ХҚО-да онлайн түрде қолжетімсіз «қағаз» жүзіндегі қызметтер ғана ұсынылады. Алайда азаматтардың үш санаты, атап айтқанда, зейнеткерлер, көп балалы отбасылар мен мүгедектер бұрынғыдай ХҚО-да электронды қызметтерді ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезелері ұйымдастырылған. Олар «қағаз» қызметтерді де, түрлі анықтамалар мен мемлекеттік қызметтерді де сонда ала алады. Жеңілдік терезесіне міндетті түрде онлайн түрде кезек уақытын алдын ала брондау қажет. Жеңілдік терезелері арқылы қызметтердің көп бөлігі мегаполистердегі ХҚО, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан (9941), Алматы (9719) және Шымкент (7753) қалаларында ұсынылды. Тізімнің ең соңында Маңғыст...