БЖЗҚ-дағы шоттар саны 11,6 миллион бірліктен асты

БЖЗҚ-дағы шоттар саны 11,6 миллион бірліктен асты
 
БЖЗҚ-ның 2020 жылдың 1 маусымындағы негізгі көрсеткіштері 2020 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттардың саны 1 миллион бірлікке жуық ұлғайды. Ағымдағы жылдың бірінші қаңтарында ЖЗШ саны 10 672 567 бірлікті құраса, 1 маусымда бұл көрсеткіш 11,6 миллионға (11 682 546) жетті. Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды, олардың саны он бір миллионнан асты, дәлірек айтқанда 11 111 389. Одан кейінгі орынды иеленген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан шоттардың саны 515 837-ге жетті. Ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) да саны арта түсті, БЖЗҚ-дағы мұндай шоттардың саны – 55 320. Жалпы шоттарда 11,7 триллион теңге зейнетақы жинақтары шоғырланған. Жыл басынан бері сома 866 миллиард теңгеге немесе 8% ұлғайды. Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы МЗЖ есебінен қалыптасты және 11,4 трлн теңгені құрады. МКЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 275,6 млрд...