Халық арасындағы ақпараттық-насихаттау жұмысының аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 27 тамызда «Ашық есік күнін» жаңа онлайн форматта өткізеді. Ниет білдірушілер арнайы онлайн платформа арқылы аталған іс-шараға үйден шықпай-ақ қатыса алады. Іс-шара тақырыбы – «Алғашқы жарна – БЖЗҚ-ға қош келдіңіз». Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына енгізілген өзгеріске сәйкес 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ қызмет көрсету кеңселеріне келудің қажеті жоқ екені белгілі. Автомат түзімде 2020 жылдың алғашқы жартысының өзінде 1 миллионнан астам жаңа шот ашылған атап өткіміз келеді. Бұл шоттардың иелері аталған іс-шараның ерекше қонағы болады және «БЖЗҚ» АҚ мамандарына өз сауалдарын қоя алады. Оларға Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіні айтылады, келешек зейнетақыны есептеуде көмек көр...