5 вопросов за июль

5 вопросов за июль

1. БЖЗҚ-ның барлық салымшыларына инвестициялық табыс есептелетінін білемін. Карантиннің оған әсері қандай болды? Кәсіпорындардың көпшілігі карантинге қарамастан жұмысын жалғастыруда, кейбіреулері қашықтықтан жұмыс істеу режимін жүзеге асырып, тиісінше, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын толықтыру жалғасуда. БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы қазіргі уақытта 12 триллион теңгеге жуықтады. Оған зейнетақы жарналары мен түскен қаражатты инвестициялаудан алынған инвестициялық табыс кіреді. Жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) түсетін, есебін БЖЗҚ жүргізетін зейнетақы жарналарын зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы - ҚР Ұлттық Банкі түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды. Тәуекелдерді азайту мақсатында инвестициялық портфель инвестициялау түрлері, бағыттары, оның ішінде валюталар бойынша әртараптандырылады. Қазіргі уақытта инвестициялардың шамамен 2/3 бөлігі теңгемен және 1/3 шетел валютасымен, соңғысының басым бөлігі АҚШ долларымен номиналданған. Салымшылардың (алушы...