
2024 жылдың 29 ақпан күні Ұйғыр ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді. Отырысқа мектеп директорлары мен тәрбие жөніндегі орынбасарлары қатысты. Комиссия отырысында жоспарға сәйкес 1 сұрақ және кәмелет жасқа толмағандардың мәселелері бойынша жоспардан тыс 5 сұрақ қаралып, ата-аналармен әңгімелесе отырып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Комиссия әрбір жиналған құжат бойынша шешім шығарып, арнайы тапсырмалар берді.