Ұйғыр ауданында терроризм тұрғысынан осал нысандардың иелерімен профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізілді

Ұйғыр ауданында терроризм тұрғысынан осал нысандардың иелерімен профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізілді

2024 жылдың 13 ақпан күні Ұйғыр ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ҚР ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті ТҚО бөлімінің үйлестіруімен облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс- қимыл басқармасы мен күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкері және терроризмге қарсы комиссияның қатысуымен Алматы облысы Ұйғыр ауданы бойынша терроризм тұрғысынан осал нысандардың иелеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы террористтік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы №305 қаулысымен таныстырып, мемлекет тарапынан шағын және орта бизнестерді тексеруге қойылған мораторидің аяқталғанын және алдағы уақытта нысандардың террористтік тұрғыдан қорғалуы тексерілетіні туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, терроризм тұрғысынан осал нысандардың иелеріне нысанның терроризмге қарсы қорғалу паспорттарын жасау туралы әдістемелік көмек көрсетіліп, жиналысқа қатысушылар өздерінің сұрақтарына толықтай жауап алды.