Жер қатынастары және құрылысқа рұқсат беру саласында семинар-кеңес өткізілді

Жер қатынастары және құрылысқа рұқсат беру саласында семинар-кеңес өткізілді

Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні Ұйғыр ауданы әкімдігінің мәжіліс залында жер қатынастары, сәулет және қала құрылыс саласындағы мемлекеттік қызметтер бойынша семинар өткізілді. Аталған семинарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің бас мамандары Азикенов Бекжан Қанатұлы мен Тілеуқабылов Ермахан Ермекұлы, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар қатысты. Семинар барысында қатысушылар арасында аталған мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндерме жұмыстары жүргізілді.