Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2,4-тармақтарына сәйкес, 2024 жылғы 12-18 ақпан аралығында Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау шаралары келесі бағыттар бойынша жүргізілетін болады:
- басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде;
-ұйымдастыру-басқару қызметіне;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша  ұсыныстар болған жағдайда, бөлім басшысының орынбасары Толымбекова Раушан 8727-78-11-70 байланыс телефоны бойынша хабарласа аласыздар.