Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

"Қарадала тынысы-Қарадала нәпәси" газеті (бұдан әрі-газет) ЖШС-ның 2023 жылғы 10 желтоқсанда өтетін Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылдық округі әкіміне кандидаттарға үгіт материалдарын  орналастыру үшін басылым алаңдарын беру шарттары мен тәртібі жөнінде төлем мөлшері.

 

ГАЗЕТТІҢ БАСЫЛЫМ АЛАҢДАРЫН БЕРУДІҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

 

Газет үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін басылым алаңдарын береді.

Газетке жазбаша өтініш осы ақпараттық хабарлама негізінде 2023 жылдың 19 қарашадан бастап, 2023 жылдың 9 желтоқсанына дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайынғы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Шонжы ауылы А.Кадыров көшесі, 42А мекенжайы бойынша қабылданады.

Жарияланымда ақпаратты берген тұлғаның тегі, қаржыландыру көздері, материалдарды шығаруға жауапты тұлғалар, олардың төленуі туралы ақпараттар болуға тиіс.

Баспалық материалдарды орналастырудың кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу реттілігіне байланысты газетпен белгіленеді.

 

ҮГІТТІК БАСПА МАТЕРИАЛДАРЫН БЕРУДІҢ ТӘРТІБІ

 

Газеттік үгіттік баспа материалдары газет жарық көретін датаға 3 (үш) күнтізбелік күн қалғанға дейін модульдер немесе мақалалар түрінде тапсырылуға тиісті.

Газет материалдарда конститутциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін бүлдіруге, әлеуметтік нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық алауыздық тудыруға, сондай-ақ, заңмен қарастырылмаған және заңмен қарастырылған, тағы басқа да негіздерде әскерилендірілген құрылымдар құру идеялары көрініс берген жағдайда үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.

Газет саяси партиялардың абыройы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттар болған жағдайда үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген басылым алаңдарын берудің шарттарымен тәртібі уәкілетті органдардың талабына сай түзетілуі мүмкін.

 

ГАЗЕТТІҢ БАСЫЛЫМ АЛАҢДАРЫН ТӨЛЕУДІҢ

ТӘРТІБІ МЕН МӨЛШЕРІ

 

Үгіттік материалдарды орналастыруға арналған басылым алаңдарының бір шаршы см. бағасы – 200 теңге.

Төлем серіктестік берген есепшот негізінде сол есепшот берілген күннен бастап 5(бес) банк күні ішінде жүргізіледі.

Төлем газеттің басылым алаңын беру жөніндегі тиісті келісімшартта немесе есепшотта көрсетілген серіктестіктің банктік реквизиттеріне төленеді.