
Аудан әкімі Елеусізова Бота Серікқызы аудан ақсақалдарымен, ардагерлермен, аналар кеңесі төрайымдарымен, мүшелерімен арнайы кездесу өткізді. Кездесу еркін форматта ашық әңгіме алаңы түрінде өткізілді. Әр ауылдық округтен келген қазыналы қарттар мен алтынқұрсақ аналар ой-пікірлерін ашық жеткізіп, ұтымды ұсыныстары мен көкейдегі сауалдарын қойды.