
2023 жылдың тамыз айының 14-30-і қыркүйек аралығында «УЧАСТОК» жедел профилактикалық іс-шара өткізілуде.
Ұйғыр аудандық ПҚБ-нің есебінде 50 сотталған азаматтар тіркеліп түр, осы арасында 2 сотталған әйел азаматша бақылауда.
Ұйғыр аудандық пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған 50 бас бостандығынан айырылмай сотталғандар тұрғылықты жері бойынша тексеріліп және олармен қайталап қылмыс жасамауы, шет мемлекеттерге шығуға тийым салынғаны, қоғамдық орында өзін дұрыс ұстауы, әкімшілік құқық бұзушылық жасауға жол бермеуі және сот жүктеген міндеттерің толығымен орындау жайында сотталғандардың туысқандармен профилактикалық сұхбат жүргізілуде.
Қазіргі уақытта 10.09.2023 жылы - 47 сотталған тұрғылықты жері бойынша тексеріліп, жазаны өтеу тәртібін бұзған 3 сотталған анықталды.
Жүргізіліп жатқан іс-шаралардың негізгі мақсаты сотталғандардың қайта қылмыс жасамауы, қоғаммен бірлесе еңбек ету өмірге деген көз-қарасының жақсы жағына өзгерту, егер сотталғанның құықтық, әлеуметтік, тұрмыстық қажеттілігі орындалса, сотталғанның заңға деген көзқарасы өзгеріп, мінез құлқы жақсы жағынан қалыптасуына оң нәтиже беретіні сөзсіз.
Ұйғыр аудандық ПҚБ-нің бастығы
әділет майоры Н.Ш.Таипова
11.09.2023 ж.