
Кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру
Кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру
|
Ұйымдастырушы: |
«Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ |
|
Орналасқан жері: |
Қонаев қаласы, Индустриалды к-сі 16/4, 610 кабинет |
|
Байланыс телефоны: |
8/727-72/ 7-80-02, 2-42-03. |
|
Өтінімдерді қабылдау нысанасы: |
ҚазақстанРеспубликасыҮкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 773 Қаулысышеңберіндеәлеуметтіккәсіпкерліксубъектілерініңтізілімінеөзқызметінәлеуметтіккәсіпкерліксаласындажүзегеасыратынжекекәсіпкерлержәнезаңдытұлғалар (ірікәсіпкерліксубъектілерінқоспағанда) енгізіледі. |
|
Өтінімдерді беру орны: |
Қонаев қаласы, Индустриалды к-сі 16/4, 610 кабинет |
|
Құжаттамаларды ұсыну мерзімі: |
2023 жылдың «1» маусымынан бастап 2023 жылдың «15» маусымына дейін |
|
Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: |
2023 жылдың «1» маусымынан бастап |
|
Өтінімдерді берудіңаяқталу күні мен уақыты: |
2023 жылдың «15» маусымына дейін
|
|
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайтынын ескертеміз. |
|
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 773 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі.
Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне келесі санатқа жататын кәсіпкерлер енгізуге үміткер бола алады:
1 санат – халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;
- мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар,
- зейнеткерлер және зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтар
-балалар үйлерінің, жетімбалалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған интернаттардың тәрбиеленушілері (29 жасқа дейін)
- аз қамтылған, көпбалалы, толық емес отбасыларға жататын ата-аналар
- ҚАЖ мекемелерінен босатылған,
- белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар,
- наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан өткен адамдар.
2 санат – бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарының тауарларын сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;
3 санат – тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;
- әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;
- азаматтарды күту, сауықтыру, денсаулық жағдайын бақылау бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер;
- әлеуметтік ортаға бейімделу үшін психологиялық жағдайды түзету бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер;
- мінез-құлықтағы ауытқулардың алдын алу бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер;
- жұмысқа орналасуға және еңбекке бейімделуге жәрдемдесу жөніндегі қызметтер;
- коммуникацияны арттыру, оңалту, әлеуметтік қызметтер. бейімдеу, әлеуметтік сүйемелдеу бойынша қызметтер;
- медициналық техниканы, протездерді, ортопедиялық құралдарды өндіру, аурулардың алдын алу, мүгедектерді оңалту үшін ғана пайдаланылатын денсаулық сақтау саласындағы БҚ әзірлеу
- мүгедектер мен зейнеткерлердің демалысы мен сауығуын ұйымдастыру
- қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары
- мүгедектер мен халықтың мобильділігі төмен топтары үшін инфрақұрылым объектілеріне жағдай жасау және оларға қол жеткізу
4 санат – келесі қызмет түрлерінде жұмысты жүзеге асыратын Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері:
- отбасын нығайтуға, ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтер;
-Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімберудің, ТжКБбілім беру бағдарламаларын іске асыру;
-мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, бал. Және әлеуметтік. оқуда, дамытуда және әлеуметтік бейімделуде қиындықтарға тап болған адамдарға көмектесу;
- әлеуметтік оқыту. Біліктілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік КЕҰ қызметкерлері мен еріктілері;
-мәдени-ағарту қызметі (Жеке мұражайлар, театрлар, кітапханалар, мұрағаттар, мектеп-студиялар, шығармашылық шеберханалар, ботаникалық және зоологиялық бақтар, мәдениет және халық шығармашылығы үйлері)
- қоршаған ортаны қорғау;
- халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық орталықтарын, СӨС бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін Қонаев қаласы, Индустриалды көшесі, 16/4, 610-кабинет (кеңсе) мекен жайы бойынша қабылданады .
Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге айтарады.