
Сайлау қарсаңында барлық бұқаралық ақпарат құралдары тiркелген облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлерге және партиялық тiзiмдер бойынша ұсынған саяси партияларға шарттық негiзде баспасөз бетiнен үгіт-насихат жүргізу үшін орын беріледi. Үміткерлерге және партиялық тiзiмдер арқылы ұсынған саяси партияларға, баспасөз бетiнен орын беру кезінде шарт талаптары қатаң сақталып, белгiлi бiр үміткерге, саяси партияға артықшылық жасалмайды.
Осыған орай республикалық «Іле өңірі –Или вадиси» газеті депутаттыққа үміткерлердің газет беттеріне сайлау алды бағдарламаларының жариялаудың орташа құны 1 квадрат сантиметрі 150 теңге екендігін хабарлайды.
Редакция алқасы