Қырғызсай ауылдық округінің Қырғызсай, Рахат ауылдарына қарасты көшелерге атау беру туралы

Қырғызсай ауылдық округінің Қырғызсай, Рахат ауылдарына қарасты көшелерге атау беру туралы

Жоба

 

Қырғызсай ауылдық округінің

Қырғызсай, Рахат ауылдарына қарасты

көшелерге атау беру туралы

 

         «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының  4) тармақшасына сәйкес, Қырғызсай ауылдық округінің Қырғызсай, Рахат ауылдары халқының пікірін ескере отырып және 2022 жылғы 30 наурыздағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының оң қорытындысы негізінде, Қырғызсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қырғызсай ауылдық округінің Қырғызсай ауылына қарасты оңтүстіктен солтүстікке қарай бірінші көше – Ораз Жандосов көшесі, екінші көше - Абай көшесі, үшінші көше – Шоқан Уәлиханов көшесі, алтыншы көше – Іле көшесі, жетінші көше – Байқоңыр көшесі; Қырғызсай ауылына қарасты шығыстан батысқа қарай бірінші көше – Райымбек батыр көшесі, үшінші көше – Тұрар Рысқұлов көшесі, жетінші көше – Медеу көшесі; Қырғызсай ауылдық округінің Рахат ауылына қарасты оңтүстіктен солтүстікке қарай бірінші көше – Көкшетау көшесі, алтыншы көше - Ертіс көшесі, сегізінші көше – Жетісу көшесі, он бірінші көше – Жайық көшесі; Рахат ауылына қарасты батыстан шығысқа қарай бірінші көше – Бурабай көшесі, үшінші көше – Баянауыл көшесі деп аталсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
  3. Осы шешім алғаш  ресми  жарияланғаннан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі.

 

Қырғызсай ауылдық округінің әкімі                            Б. Кокымдиев