Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұйғыр ауданының тұрғындарымен кездесті

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұйғыр ауданының тұрғындарымен кездесті

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бүгін Ұйғыр ауданы тұрғындарымен кездесу үшін Шонжы ауылына келді. Іс сапар аясында, Марат Елеусізұлы ауданның ауылдық округ әкімдерімен кездесті. Жиын барысында облыс басшысы ауыл әкімдері тұрғындар көтерген мәселелрді негізге алып, жұмысты жүйелі жүргізуді тапсырды.
Облыс басшысы ауданымыздың экономикалық дамуы қарқын алып келе жатқандығын айтып, нәтижелі жұмыстардың атқарылғандығы туралы баяндады. Аудан аумағындағы негізгі мәселелердің оң шешімін табатынын айтып, басқарушы органдарға жұмыстың жүйелі түрде орындалуын тапсырды және халық тарапынан туындаған сұрақтарға жауаптар берілді.