
Терроризм актісі туралы жалған хабар беру көп жағдайларда адамдар арасында әбіржу, тәртіпсіздік туғызады, мемлекеттік басқа да мекемелердің, кәсіпорындардың, көліктің бірқалыпты жұмыс істеу ырқын бұзады. Мұндай хабарлауға сенген мемлекеттік органдар, жекелеген адамдар әбігерге түсіп, дайындалып жатқан террорлық актіні тойтару үшін ұйымдастырушылық техникалық шаралар өткізуге мәжбүр болады.
Жергілікті халықтың назарына, терроризм актісі туралы жалған хабар берген тұлға құқық қорғау органдарында бар заманауи техникалық мүмкіндіктер арқылы тез арада анықталып, құрықталады.
Ұйғыр ауданы бойынша Терроризмге қарсы
комиссия аппараты