Қазақстан Республикасы Парламенты Сенатының депутаттары С.М.Дюсембинов пен Н.Н.Кылышбаев Ұйғыр ауданына іссапармен келді

Қазақстан  Республикасы Парламенты Сенатының  депутаттары С.М.Дюсембинов пен Н.Н.Кылышбаев Ұйғыр ауданына іссапармен келді

2021 жылғы 06 мамырда Парламент Сенатының депутаттары С.М. Дүйсембинов пен Н.Н. Қылышбаев Ұйғыр ауданына жұмыс сапарымен келіп, ауданның бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарының жұмысымен танысты.

Депутаттар Үлкен Ақсу ауылының ауылдық дәрігерлік амбулаториясын аралап, ұжыммен кездесу өткізді.

Кездесу барысында көрсетілетін алғашқы медициналық қызметтердің сапасын арттыру және денсаулық сақтау жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу бойынша шаралар қабылдау нәтижелері туралы мәселелер мен дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу мәселелеріне жеке тоқталып өтті.

Сондай-ақ, депутаттар «OTAN Green Food» ЖШС құс фабрикасына барды. Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Сергей Аюкаев  құс фабрикасының ағымдағы жұмысымен таныстырды. 

Негізгі мәселе тауыққа қажетті құрама жемнің бағасының 40%-ға дейін өсуі. Дәнді дақылдарды өңдейтін кәсіпорындарға берілетін субсидия тауық ет өнімдерін өндіретін өндірушілерге қарастырылмаған. Алайда кәсіпорын жыл аяғына 10.000 тоннадан артық өнім өндірмекші. Жем мәселесі шешілсе жылына бұл көрсеткіш 2-2,5 есе көтеруге болатындығын айтты.

Кездесу барысында сенаторлар сұрақтарға жауап беріп, елімізде атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып, тауар өндірушілердің еңбегіне жоғары баға беріп, жігерлендірді.