Аудан әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2020 жылдың ІІ тоқсанына орындалуы туралы.
Есепті 26 кездесуге ауданның 3054 тұрғыны немесе халықтың жалпы санының 5 пайызы (64,1 мың тұрғыннан) қатысты.
Кездесу барысында зейнеткерлер, кәсіпкерлер, қызметкерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар белсенділік танытып, барлығы жарыс сөзге 119 адам қамтылған, оның ішінде ұсыныс бергендер 46 адам немесе 39 пайызды құрады.
2020 жылы аудан әкімінің ауылдық округтерде өткен есеп беру кездесуінде 70-на жуық проблемалық сұрақтар көтерілді, яғни түнгі уақытта көшелерді жарықтандыру, ауыз су, суармалы жер, жолдарды жөндеу, мәдениет, білім және денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары бойынша алаңдатып отырған сұрақтар.
Аудан әкімі және ауылдық округ әкімдерінің есептері бойынша азаматтардың әлеуметтік сипаттағы 17 ұсыныстары мен сұрақтары атқарушы органдардың бақылауына алынды, оның ішінде:
- Қалжат ауылының тұрғындары үшін орталық сумен жабдықтауды жүргізу - бүгінгі таңда "Ұйғыр ауданы Қалжат ауылының сумен жабдықтау жүйесін салу және қайта жаңарту" нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жоба "PRO EXPERTIZE" ЖШС-сі сараптамасында, жобалау ұйымы "АспектСтройИновац" ЖШС-сі. Сараптаманы аяқтау мерзімі 2020 жылдың 06 шілдесі. "АспектСтройИновац" ЖШС жобалау ұйымы сараптауында. Сараптаманы аяқтау мерзімі 2020 жылғы 06 шілде;
- Шарын ауылына табиғи газ кіргізу - "КАТЭК" ЖШС мердігерлік ұйымымен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тапсырыс беруші "Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" болып табылады;
- Суармалы егістік жерлерді суару үшін Тиірмен ауылына су тоспасын салу - техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге 23 млн.теңге көлемінде бюджеттік қаражат бөлінді. жұмыстарды "Гидротехник Жоба" ЖШС-сі мердігерлік ұйымы жүргізеді;
- Қырғызсай ауылындағы жайылымдық жерлерді ретке келтіру - бүгінгі таңда Алматы облысы Әділет департаментінде геоботаникалық зерттеулер негізінде жайылымдық жерлердің картасы бекітілуде.
- Дардамты ауылында қосымша көше жарығын орнату - жергілікті бюджеттен 4 584 мың теңге бөлінді. Байқау қорытындысы бойынша "Кетпен Құрылыс" ЖШС жеңімпаз атанды. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, жұмыстар жоспарға сәйкес 2020 жылдың ІІІ тоқсанында аяқталады;
- Бахар ауылына жалпы тәжірибелік дәрігер штатының бөлінуі - бүгінгі күні Бахар ауылында жалпы практика дәрігерінің 1 учаскесі құрылып, тиісті маман жұмысқа қабылданды;
- Тасқарасу ауылында жер асты суларын көтеру салдарын жою бойынша дренаж жүргізу – бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде, жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау үшін қаражат бөлу жөнінде бюджеттік өтінім жолданды;
- Мал басының барлық түрлерінің көбейуіне байланысты Сүмбе ауылында мемлекеттік босалқы жер есебіндегі жайылымдық алқаптарды бөліп беру - бүгінгі таңда Алматы облысы Әділет департаментінде геоботаникалық зерттеулер негізінде жайылымдық жерлердің картасы бекітілуде;
- Ават ауылының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп беру - 2020 жылы Ұйғыр ауданы Ават ауылының "сумен қамту жүйесін салу және қайта жаңарту" нысаны бойынша ЖСҚ әзірлеуге 5,1 млн.теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде;
- Қалжат ауылындағы бұрынғы дәрігерлік амбулатория ғимаратын басқа қажеттіліктер үшін теңгерімге беру - балансқа беру жұмыстары 2020 жылдың III тоқсанында аяқталады деп күтілуде;
- Шарын ауылының Тастақ көшесін жарықтандыру - жергілікті бюджеттен көшелерді жарықтандыру үшін (соның ішінде Тастақ көшесі) 12 802 мың теңге бөлінді. Байқау қорытындысы бойынша "Рай-Саф" ЖШС жеңімпаз атанды. Бүгінгі күні бағандарды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде, жоспарға сәйкес 2020 жылдың ІІІ тоқсанында аяқталады.
- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Тиірмен ауылына дәрігерлерді тарту - медициналық ЖОО түлектерімен келіссөздер өткізе отырып, Бос орындар жәрмеңкесіне қатысатын мамандарды тарту жоспарланды;
- Добын ауылындағы аппаты жағдайдағы ағаштарды кесуге рұқсат беру - бұл мәселе бойынша аудандық ТҮКШ және ТҮИ бөліміне хат жазып, үстіміздегі жылдың 13 наурызында № 83 рұқсат хатын алып, бүгінгі күнде жұмыстар аяқталды;
- Тасқарасу ауылының Емелев және Искандеров көшелерін жарықтандыру - жергілікті бюджеттен 6 048 мың теңге бөлінді. Байқау қорытындысы бойынша "Кетпен Құрылыс" ЖШС жеңімпаз атанды. Құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарға сәйкес 2020 жылдың ІІІ тоқсанында аяқталады.
- Долайты ауылында көше жарығын орнату - ЖСҚ әзірлеу үшін бюджет қаражатын бөлу мәселесі қарастырылуда;
- Сүмбе ауылының кіреберісіне ағаштарды отырғызу - қазіргі уақытта демеушілермен Сүмбе ауылында – 20 дана, Шошанай ауылында – 20 дана кең жапырақты ағаш отырғызылды. Қоршауды орнату ЖК "Нысанбаев Э" және одан әрі көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде;
- Кетпен ауылының Әуелбеков көшесіндегі тозған электр желілерін ауыстыру - Ұйғыр ауданының ҰАЭТ-мен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі күнде аталған мәселелер бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, барлық мәліметтер аудан әкімінің ресми сайтына және бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланды.