«Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, аудан әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2020 жылдың І тоқсанына орындалуы туралы.
Есепті 26 кездесуге ауданның 3054 тұрғыны немесе халықтың жалпы санының 5 пайызы (64,1 мың тұрғыннан) қатысты.
Кездесу барысында әсіресе белсенділік танытқандар қатарында зейнеткерлер, кәсіпкерлер, қызметкерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Барлығы жарыс сөзге 119 адам қамтылып, онің ішінде ұсыныс берушілер үлесі 46 адам немесе 39 пайызды құрады.
2020 жылы аудан әкімінің ауылдық округтерде өткен есеп беру кездесуінде 70-на жуық проблемалық сұрақтар көтерілді.
Аудан тұрғындары түнгі уақытта көшелерді жарықтандыру, ауыз су, суармалы жер, жолдарды жөндеу, мәдениет, білім және денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары бойынша алаңдатып отырған сұрақтарды көтерді.
Азаматтардың әлеуметтік сипаттағы аудан әкімі және ауылдық округ әкімдерінің есептері бойынша 17 ұсыныстары мен сұрақтары атқарушы билік органдарымен бақылауға алынды, оның ішінде:
- Қалжат ауылының тұрғындары үшін орталық сумен жабдықтауды жүргізу - бүгінгі күні Алматы облысының ЭжТҮКШ басқармасына құрылыс жұмыстарына 480 млн. теңгеге бюджеттік өтінім берілді;
- Шарын ауылына табиғи газ кіргізу - "КАТЭК" ЖШС мердігерлік ұйымының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша жұмыс басталды;
- Суармалы егістік жерлерді суару үшін Тиірмен ауылына су тоспасын салу - "КАТЭК" ЖШС мердігерлік ұйымы жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша жұмыс басталды;
- Қырғызсай ауылындағы жайылымдық жерлерді ретке келтіру - ауданда геоботаникалық зерттеу-қарау негізінде жайылым айналымдарының сызбалары дайындалып, сызбасын бекіту үшін қабылданатын аудан әкімдігінің қаулысының жобаларының қазақша және орысша нұсқаулары «Ашық НҚА» порталына, сонымен қатар аудандық газетке, аудан әкімінің сайтына жарияланып облыстық кәсіпкерлер палатасына және облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына, қоғамдық кеңеске жіберілді;
- Дардамты ауылында көше жарығын қосымша орнату - жергілікті бюджеттен 4 584 мың теңге бөлінді, жоспар бойынша жұмыстар 2020 жылдың III тоқсанында аяқталады;
- Бахар ауылына жалпы тәжірибелік дәрігер штатының бөлінуі - бүгінгі күні Бахар ауылында жалпы тәжірибелік дәрігерінің 1 учаскесі құрылды, бірақ маманның жоқтығынан орталық аурухананың жылжымалы кестесі бекітілді;
- Тасқарасу ауылында жер асты суларын көтеру салдарын жою бойынша дренаж жүргізу - бюджет қаражатын бөлу үшін жұмыстар жүргізілуде;
- Мал басының барлық түрлерінің көбейуіне байланысты Сүмбе ауылында мемлекеттік босалқы жер есебіндегі жайылымдық алқаптарды бөліп беру - ауданда геоботаникалық зерттеу-қарау негізінде жайылым айналымдарының сызбалары дайындалып, сызбасын бекіту үшін қабылданатын аудан әкімдігінің қаулысының жобаларының қазақша және орысша нұсқалары «Ашық НҚА» порталына, сонымен қатар аудандық газетке, аудан әкімінің сайтына жарияланып облыстық кәсіпкерлер палатасына және облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына, қоғамдық кеңеске жіберілді;
- Ават ауылының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп беру - Алматы облысының Мемлекеттік сатып алу басқармасына мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін өтінім жолданды;
- Қалжат ауылындағы бұрынғы дәрігерлік амбулатория ғимаратын басқа қажеттіліктер үшін теңгерімге беру жұмыстарын жүргізу - теңгерімге беру жұмыстары жүргізілуде, жұмыстар 2020 жылға арналған жоспарға сәйкес II тоқсанда аяқталады деп күтілуде;
- Шарын ауылының Тастақ көшесінде көше жарығын тарту - жергілікті бюджеттен 12 802 мың теңге бөлінді, жоспар бойынша жұмыстар 2020 жылдың III тоқсанында аяқталады;
- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Тиірмен ауылына дәрігерлерді тарту бойынша жұмыстар жүргізу - мамандарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде;
- Добын ауылындағы аппаты жағдайдағы ағаштарды кесуге рұқсат беру - бұл мәселе бойынша аудандық ТҮКШ және ТҮИ бөліміне хат жазып, үстіміздегі жылдың 13 наурызында № 83 рұқсат хатын алып, бүгінгі күнде жұмыстар аяқталды;
- Тасқарасу ауылының Емелев және Искандеров көшелерінде көше жарығын тарту - жергілікті бюджеттен 6 048 мың теңге бөлінді, жоспар бойынша жұмыстар 2020 жылдың III тоқсанында аяқталады;
- Долайты ауылында көше жарығын орнату - бюджет қаражатын бөлу үшін жұмыстар жүргізілуде;
- Сүмбе ауылының кіреберісіне ағаштарды отырғызу - қазіргі уақытта демеушілер мен Сүмбе ауылында – 20 дана, Шошанай ауылында – 20 дана кең жапырақты ағаш отырғызылды. Қоршауды орнату және одан әрі көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде;
- Кетпен ауылының Әуелбеков көшесіндегі тозған электр желілерін ауыстыру жұмыстарын жүргізу - Ұйғыр ауданының ҰАЭТ-мен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі күнде аталған мәселелер бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріген. Сондай-ақ барлық мәліметтер аудан әкімінің ресми сайтына және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына берілді.