Аудан әкімінің 2020 жылғы есепті кездесуінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Аудан әкімінің 2020 жылғы есепті кездесуінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы №622 қаулысымен толықтырулар енгізілген 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында, Ұйғыр ауданының барлық денгейдегі әкімдері бекітілген кестеге сәйкес, тұрғындармен 26 кездесу өткізді.

         Есепті 26 кездесуге ауданның 3054 тұрғыны немесе халықтың жалпы санының 5 пайызы (64,1 мың тұрғыннан) қатысты.

         Кездесу барысында әсіресе белсенділік танытқандар қатарында зейнеткерлер, кәсіпкерлер, қызметкерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатысты. Барлық жарыс сөзге 119 адам қамтылып, онің ішінде ұсыныс берушілер үлесі 46 адам немесе 39 пайызды құрады.

         2020 жылы аудан әкімі, ауылдық округтерде өткен есеп беру кездесуінде 70-ге жуық проблемалық сұрақтар көтерілді.

         Аудан тұрғындары түнгі уақытта көшелерді жарықтандыру, ауыз су, суармалы жер, жолдарды жөндеу, мәдениет, білім және денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары бойынша алаңдатып отырған сұрақтарды көтерді.

Сондай-ақ әр есептен кейін азаматтарға жеке қабылдау жүргізіп,        125 азамат қабылданды.  

         Азаматтардың әлеуметтік сипаттағы аудан әкімі және ауылдық округ әкімдерінің есептері бойынша 17 ұсыныстары мен сұрақтары атқарушы билік органдарымен бақылауға алынды.

 

Аудан әкімінің 2020 жылғы есепті кездесуінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

№

Айтылған

ескертулер/ұсыныстар

Ескертулер мен ұсыныстарды орындау және жүзеге асыру бойынша мерзімдері

Жауапты

Ескертпе

1

Ұсыныс - Қалжат ауылының тұрғындары үшін орталық сумен жабдықтауды жүргізу

Жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу

 

2020 жылғы

III тоқсан.

Аудан әкімінің орынбасары А.Н.Хусуров,

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі.

 

2

Ұсыныс - Шарын ауылына табиғи газ кіргізу

Жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу

 

2020 жылғы

IV тоқсан.

Аудан әкімінің орынбасары А.Н.Хусуров,

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі.

 

3

Ұсыныс - Суармалы егістік жерлерді суару үшін Тиірмен ауылына су тоспасын салу

техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу

 

2020 жылғы

III тоқсан.

Аудан әкімінің орынбасары Қ.А.Бекмұханбетов,

Тиірмен ауылдық округ әкімі аппараты.

 

4

Қырғызсай ауылындағы жайылымдық жерлерді ретке келтіру

 

жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту

2020 жылғы

II тоқсан.

Аудан әкімінің орынбасары Қ.А.Бекмұханбетов,

Қырғызсай ауылдық округ әкімі аппараты.

 

 

5

Ұсыныс - Дардамты ауылында көше жарығын қосымша орнату

Ақпарат

 

2020 жылғы

III тоқсан.

Аудан әкімінің орынбасары А.Н.Хусуров, Дардамты ауылдық округ әкімі аппараты.

 

6

Ұсыныс - Бахар ауылына жалпы тәжірибелік дәрігер штатын бөлінуі

Ақпарат

 

2020 жылғы

II тоқсан.

Аудан әкімінің орынбасары А.Н.Хусуров,

 Ұйғыр аудандық орталық аурухана директоры

 

7

Ұсыныс - Тасқарасу ауылында жер асты суларын көтеру салдарын жою бойынша дренаж жүргізу

Ақпарат

 

2020 жылғы

IV тоқсан.

Аудан әкімінің орынбасары Қ.А.Бекмұханбетов

 

8

Ұсыныс - мал басының барлық түрлерінің көбейүне байланысты Сүмбе ауылында мемлекеттік босалықы жер есебіндегі  жайылымдық алқаптарды бөліп беру

жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту

 

2020 жылғы

II тоқсан.

Аудан әкімінің орынбасары Қ.А.Бекмұханбетов, Сүмбе ауылдық округ әкімі аппараты.

 

9

Ұсыныс – Ават ауылының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп беру

 

Жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу

 

2020 жылғы

IV тоқсан.

Аудан әкімінің орынбасары А.Н.Хусуров,

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі.

 

 

 

 

 

 

Ауылдық округ әкімдерінің 2020 жылғы есепті кездесуінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

№

Айтылған

ескертулер/ұсыныстар

Ескертулер мен ұсыныстарды орындау және жүзеге асыру бойынша мерзімдері

Жауапты

Ескертпе

1

Ұсыныс – Қалжат ауылындағы бұрынғы дәрігерлік амбулатория ғимаратын басқа қажеттіліктер үшін теңгерімге беру жұмыстарын жүргізу

Зерделеп,

жұмыс жасау

 

2020 жылғы

II тоқсан.

Қалжат ауылдық округ әкімі аппараты

 

 

2

Ұсыныс - Шарын ауылының Тастақ көшесінде көше жарығын тарту 

Зерделеп,

жұмыс жасау

 

2020 жылғы

III тоқсан.

Шарын ауылдық округ әкімі аппараты

 

 

3

Ұсыныс - «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Тиірмен ауылына дәрігерлерді тарту бойынша жұмыстар жүргізу

Зерделеп,

жұмыс жасау

 

2020 жылғы

IV тоқсан.

Тиірмен ауылдық округ әкімі аппараты

 

 

4

Ұсыныс – Добын ауылындағы Авариялық жағдайдағы ағаштарды кесуге рұқсат беру

Зерделеп,

жұмыс жасау

 

2020 жылғы

I тоқсан.

Дардамты ауылдық округ әкімі аппараты

 

 

5

Ұсыныс – Тасқарасу ауылының Емелев және Искандеров көшелерінде көше жарығын тарту 

Зерделеп,

жұмыс жасау

 

2020 жылғы

III тоқсан.

Тасқарасу ауылдық округ әкімі аппараты

 

 

6

Ұсыныс - Долайты ауылында көше жарығын орнату

 

Зерделеп,

жұмыс жасау

 

2020 жылғы

IV тоқсан.

Үлкен Ақсу ауылдық округ әкімі аппараты

 

 

7

Ұсыныс – Сүмбе ауыл кіреберісіне ағаштарды отырғызу

Зерделеп,

жұмыс жасау

 

2020 жылғы

II тоқсан.

Сүмбе ауылдық округ әкімі аппараты

 

 

8

Ұсыныс – Кетпен ауылының Әуелбеков көшесі бойынша тозған электр желілерін ауыстыру жұмыстарын жүргізу

Зерделеп,

жұмыс жасау

 

2020 жылғы

IV тоқсан.

Кетпен ауылдық округ әкімі аппараты

 

 

 

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру,

мемлекеттік-құқықтық бөлімі