Меню

Страницы

Статья

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ 

ҮНДЕУІ

 

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР! 

2022 жылғы 20 қараша 

Қазақстан Республикасы Президентінің 

кезектен тыс сайлауы

 

Сайлауға қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі Сіздің сайлаушылар тізіміне енгізілуіңіз болып табылады.

Тізімдерді дауыс беруге арналған нақты учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) жасайды. Тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар тізімдерге олардың орналасқан жері бойынша әкімдіктерге берген өтінішінің негізінде енгізіледі.

Дауыс беру күні тіркелген жері бойынша сайлау учаскесіне келе алмайтын әрбір азамат дауыс беру күніне бір ай қалғанда, яғни 2022 жылғы 20 қазанынан кешіктірмей тиісті әкімдікке өтініш беріп, олардың нақты орналасқан жері бойынша сайлау учаскесінде тіркелуге құқылы.

Өтініш түскен кезде әкімдік азаматты тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды және оны дауыс беретін учаскенің тізіміне енгізуді ұйымдастырады.

Осы құқықты:

- дауыс беру күні тіркелген жері бойынша болмайтынын білетін азаматтар;

- басқа қаладан келген, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында оқитын, жатақханалардан тыс тұратын студенттер;

- вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар пайдалана алады.

Азамат сайлаушылардың бір ғана тізіміне енгізіле алады.

Сайлаушылар тізіміне тіркелген жеріңіз бойынша енгізілгеніңізді тиісті әкімдіктің сайты немесе Call-орталығы арқылы тексеруге болады.

2022 жылдың 4 қарашасынан бастап Сізге өз учаскеңіздегі сайлаушылар тізіміндегі деректеріңізді тексеру мүмкіндігі берілетін болады.

 

Құрметті сайлаушылар! 

Сіздерді құқықтық сауаттылық танытып, өзіңіздің сайлауға қатысуға конституциялық құқығыңызды іске асыруға шақырамыз! 

Өзіңізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін қажетті заңдық маңызы бар әрекеттерді уақтылы қабылдаңыз! 

ӘРКІМНІҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗДЫ!

Дата публикации
29 сентября 2022
Дата обновления
29 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
МАСЛИХАТ-2026
13 октября 2026
Календарный план
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы