Меню

Страницы

Статья

Сүмбе ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

Сүмбе ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

 

    "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес әкімнің өкілеттігі мерзімінің өтуіне байланысты 2022 жылдың 19 тамызда Ұйғыр аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен Сүмбе ауылдық округінде сайлау жарияланды. Сайлау 2022 жылғы 18 қыркүйекте өтеді.

Сайлауды тағайындау, округтерін құру, сайлау комиссияларының құрамы, сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпараттар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс – шаралардың Күнтізбелік жоспары аудандық "Қарадала тынысы - Қарадала нәпәси" газетінде және аудан әкімінің ресми сайтында жарияланды.

Сайлауда 4 учаскелік сайлау комиссиясы, 22 комиссия мүшесі жұмыс істейді. Сайлаушылар саны – 2345.

20 тамыздан бастап әкімдікке кандидаттар ұсыну басталып, 2 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. Ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2 қыркүйекте "Amanat" саяси партиясы 1 кандидат, өзін-өзі ұсыну жолымен 1 кандидат ұсынылды. Оның ішінде 1 кандидат бюджеттік ұйымның қызметкері, 1 кандидат уақытша жұмыс істемейді.

2 кандидаттың заңнама талаптарына сәйкестігі анықталды.

Кандидаттарды тіркеу 7 қыркүйек  күні сағат 18.00-ге дейін жалғасады.

Кандидаттардың 3 сенім білдірілген адамдары тіркелді.

Сонымен қатар, әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдері сайлау комиссияларына акт бойынша  беріліп, танысу үшін сайлаушыларға ұсынылды.

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
07 сентября 2022
Дата обновления
07 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
МАСЛИХАТ-2026
13 октября 2026
Календарный план
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы