Меню

Страницы

Статья

Бала тууына байланысты және баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша жәрдемақыны банктердің танымал қосымшалары арқылы онлайн алуға болады

Бала тууына байланысты және баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша жәрдемақыны банктердің танымал қосымшалары арқылы онлайн алуға болады

Енді сіз жаңа туған нәрестеге жәрдемақыны Halyk Homebank пен Kaspi.kz қосымшалары арқылы алуға өтініш бере аласыз.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына байланысты тағайындалатын әлеуметтік жәрдемақыға Halyk Homebank пен Kaspi.kz мобильді қосымшалары арқылы өтініш беру үшін:

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөліміне кіріңіз;

- дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді растау қажет;

- «Баланың тууына жәрдемақыны» таңдаңыз;

- өтініш берілетін баланың деректерін таңдаңыз;

- барлық деректерді тексеріңіз де, ЭЦҚ арқылы өтінімге қол қойыңыз.

Клиент өтінімді жіберіп, оны мемлекеттік орган қарағаннан кейін клиентке PUSH хабарламасы жолданады мен өтініштің қарау нәтижесі мен тағайындалған жәрдемақы көлемі туралы SMS жіберіледі. Көрсетілетін қызмет түріне өтінішті бала туғаннан бастап 1 жыл ішінде кез келген уақытта жолдай аласыз.

Осыған дейін өтінішті ХҚКО, электронды үкімет порталы арқылы немесе 1414 нөмірі арқылы SMS сервиспен беруге болатын.  Бұл қызмет жоғарыда аталған сервистер бойынша көрсетілетін ең танымал  қызметтердің бірі болып табылады және тұрғындар арасында сұранысқа ие.

Қазіргі уақытта Halyk Homebank пен Kaspi.kz ыңғайлы сервистерімен интеграциялаудың арқасында азаматтар осы сервис арқылы жаңа туған балаға өтінімді онлайн түрде бере алады. Қазіргі кезде көрсетілетін қызметке Kaspi.kz және Halyk Homebank мобильді қосымшаларында iO мен Android қолданушылары үшін қолжетімділік бар.

Жаңа функцияны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Ұлттық «Ақпараттық технологиялар» АҚ, Halyk Homebank және Kaspi.kz. бірлесе отырып жүзеге асырды.

Құрметпен: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Ұйғыр аудандық бөлімі       

тел: 872/778/ 79984

Дата публикации
22 июня 2022
Дата обновления
22 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
МАСЛИХАТ-2026
13 октября 2026
Календарный план
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы