Меню

Страницы

Статья

ХАБАРЛАНДЫРУ

                ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бекіту туралы» 2017 жылғы 9 қазандағы №673 бұйрығының 5-бөлімінің 129-тармағына сәйкес тұрақты автомобильге газ құю станциясында автокөлікте пайдалануға арналмаған баллондарды толтыруға жол берілмейді.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV Заңының (бұдан әрі - Заң) 28-бабының 5-тармағына сәйкес тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді газ желісі ұйымдары және газ толтыру пункттерінің иелері жүзеге асырады, олар тұрмыстық баллондардың жарамды техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге міндетті.

Тұрмыстық баллондарды сұйытылған мұнай газымен толтыруға тек қана газ толтыру станциялары мен газ толтыру пункттерінде жол беріледі.

Сонымен қатар, Заңның 7-бабы 5-тармағының 6-1 тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және астананың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары елді мекеннің шекаралары шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларды газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, сондай-ақ 2022 жылға арналған «Алматы облысының қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарының» 13,14 және 15 тармағын басшылыққа ала отырып, Сіздерден АГҚС сұйытылған мұнай газымен тұрмыстық газ баллондарын толтырмауды сұраймыз.

Дата публикации
25 апреля 2022
Дата обновления
25 апреля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
МАСЛИХАТ-2026
13 октября 2026
Календарный план
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы