Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ екі ай ішінде салымшыларға 6,6 миллион қызмет көрсетті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың екі айында (01.01.2022-01.03.2022 аралығында) өз салымшыларына 6,6 миллион қызмет көрсетті.

Айта кетерлік жәйт, онлайн қызметтерді танымал ету үрдісі жалғасуда. Қазіргі уақытта БЖЗҚ қызметтерінің 93% астамын ыңғайлы, әрі жедел болып табылатын онлайн тәртібінде көрсетеді. Салымшылар мен алушылар үйден шықпай-ақ бірнеше минут ішінде Қордың барлық қызметтерін ала алады. Мәселен, БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен салымшылар қызметтерді қалаған уақытында, кез-келген жерде ала алатынын естеріңізге саламыз. Атап айтқанда, олар жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқа қызмет түрлері. Онлайн қызметтердің жалпы көлемнің 4,7 миллионнан астамы (немесе 70,76%) БЖЗҚ сайтында немесе мобильді қосымшасында көрсетілді.

Сонымен қатар, Қорда қызмет көрсетудің өтінімсіз түрі де дамыған. Мысал ретінде айтсақ, оған міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу кіреді. Естеріңізге сала кетейік, жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған ЖЗШ болмаған жағдайда, ол алғашқы жарна келіп түскен кезде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте тұлғаның жеке басын сәйкестендіру МЗЖ, МКЗЖ немесе ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады. БЖЗҚ салымшысының қолданыстағы құжатының деректемелері мен тұрғылықты жері туралы барлық қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен алынады. Өтінімсіз тәртіпте жыл басынан бері 1,5 миллион қызмет немесе жалпы көлемнің 22,54% көрсетілді.

Дәстүрлі тәсіл - кеңсеге келіп қызмет алу түрі бойынша БЖЗҚ-ның Қазақстан бойынша 176 бөлімшесінде 2022 жылдың басынан бері салымшыларға 288 614 мың қызмет көрсетілді. Естеріңізге сала кетейік, Қордың жақын жердегі бөлімшесі туралы www.enpf.kz сайтынан немесе ENPF мобильді қосымшасынан тез білуге болады. «БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның шалғайдағы елді мекендерде орналасқан ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде көрсетілетін қызмет түрлері бойынша бірлескен жобасының арқасында Қор салымшыларына 2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, пошта операторының 347 бөлімшесінде 2 143 қызмет көрсетілді. Қорда, сондай-ақ, барып қызмет көрсету бөлімдері де іске қосылған. Бұл бөлімдер 9 396 операцияны жүзеге асырды.

БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға арналған ақпараттық арналарды дамытып, сапалы ақыл-кеңес беру қызметін дамытуға ерекше көңіл бөледі. 2022 жылдың 1 наурызына 151 817 өтініш қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) арқылы байланыс орталығы, www.enpf.kz корпоративтік сайты, сондай-ақ, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боты және Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында ақыл-кеңестер ала алады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
07 апреля 2022
Дата обновления
07 апреля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
МАСЛИХАТ-2026
13 октября 2026
Календарный план
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы