Меню

Страницы

Статья

Жылжымайтын мүлікті екі сағат ішінде тіркеуге болады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бастамасымен ҚР Әділет министрлігі Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізді. Енді нотариуста жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша жасалған мәміледен кейін клиент қалауы бойынша қосымша ақы төлеп, қызмет нәтижесін төлем жасалған сәттен бастап екі сағат ішінде жеделдетілген тәртіппен ала алады.

Қызмет көрсету уақытын қысқарту әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді.

Бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» Каѕрі компаниясымен бірлесіп, жылжымайтын мүлікті нотариустарда тіркеген клиенттер үшін Кaspi.kz қосымшасында қызмет ақысын төлеу мүмкіндігін іске асырған болатын.

 

Анықтама: Әділет министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы бұйрығымен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер 2021 жылғы 17 қыркүйектен бастап күшіне енді.

Дата публикации
20 октября 2021
Дата обновления
20 октября 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
МАСЛИХАТ-2026
13 октября 2026
Календарный план
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы